Суданда көшкін жүріп, тұтас бір елді мекенді басып қалған

Фото: Nelson Antoine/Shutterstock.com
Фото: Nelson Antoine/Shutterstock.com
Тек, бір адам аман қалған.

Суданда көшкін жүріп, тұтас бір елді мекенді басып қалған. Салдарынан, мыңнан аса тұрғын қаза болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы

Тек, бір адам аман қалған. Табиғи апат бірнеше күнге созылған нөсер жауын-шашыннан кейін болыпты. Ойпаңда орналасқан ауылды алып тастар мен топырақ басып қалған. Осы аумақты бақылайтын қозғалыс Біріккен Ұлттар Ұйымына және халықаралық гуманитарлық ұйымдарға үндеу жасап, көмек көрсетуін сұрап отыр. 

Айта кетейік, бұл аймақ табиғи апаттардан ғана емес, қарулы қақтығыстардан да зардап шегіп жатыр. Қазір елде азаматтық соғыс өршіп тұр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары