Тікелей эфир

Су тасқынынан кейін көшірілген 15 мыңнан астам адам үйіне оралды

Су басқан кей өңірлерде шығын көлемі әлі есептеліп жатыр.

Арнайы құрылған комиссия мүшелері баспанасы бүлінген тұрғындарға өтемақы толық көлемде берілетінін айтты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тұруға мүлдем жарамайтын үйлердің орнынан жаңасы салынбақ. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 7 мыңға жуық тұрғын әлі де уақытша қоныстану пунктерінде қалып отыр. Оның жартысы – бала.

Жалпы, бес аймақта 5 мыңнан астам жеке тұрғын үй, мың жарым аула мен саяжайдағы 2 мың үй су астында қалған. Тасқын басталғалы бері бас-аяғы 113 мың адам, оның ішінде 40 мыңға жуық бала құтқарылған. Сондай-ақ, 9,7 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылған.


Оқи отырыңыз: Ақтау тұрғындары 20 сәуірде тасаттық намазын оқиды


 

Серіктестер жаңалықтары