Ақтөбе мен Қостанай облыстарында 6 балабақша мен мектеп салынса, Ақмола облысындағы нысандар жөнделеді.
Биылғы су тасқыны кезінде Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында бүлінген білім беру және сауықтыру нысандарын жөндеу және жаңаларын салу мақсатында Үкіметтің төтенше резервінен 7 533 026 230 теңге қаражат бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.
Қаражат аталған облыстардың әкімдігіне аударылады. Олар 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаражатты мақсатты игергені жөнінде Оқу-ағарту министрлігіне есеп беруі тиіс.
Қандай құрылыстар салынады
Ақтөбе облысы:
- Мұғалжар ауданының Көтібар батыр ауылында "Көтібар батыр атындағы негізгі мектеп-бөбекжай-бала бақша кешені" КММ 60 орындық мектеп – 670 млн теңге;
- Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылында "Балауса бөбекжай-бақшасы" МКҚК 100 орындық балабақша – 980 млн теңге;
- Ойыл ауданының Екпетал ауылында "Екпетал мектеп-балабақшасы" КММ 320 орындық мектеп – 2 414 764 954 теңге;
- Ойыл ауданының Екпетал ауылында "Екпетал мектеп-балабақшасы" КММ 150 орындық балабақша – 1 505 484 780 теңге;
- Ойыл ауданының Қаратал ауылында "Балбөбек" бөбекжай-бақшасы" МКҚК 60 орындық балабақша – 630 млн теңге.
Қостанай облысы:
- Жангелді ауданы Көлқамыс ауылында "Айса Нұрманов атындағы негізгі орта мектебі " КММ 60 орындық мектеп – 869 749 400 теңге.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Үкімет бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Қандай нысандар жөнделеді
Ақмола облысы:
- Атбасар ауданы, Атбасар қаласындағы №1 орта мектеп ғимаратының бірінші қабаты мен жертөлесі – 228 019 951 теңге.
- Атбасар ауданы, Сергеевка ауылында орналасқан Атбасар аудандық білім бөлімі жанындағы "Ишим" ауылдық сауықтыру кешені – 53 577 763 теңге.
- Жарқайың ауданы, Дережавинск қаласы, Пригородный ауылы мекенжайында орналасқан Абай атындағы орта мектеп – 181 429 382 теңге.