Тікелей эфир

Су тасқыны: 8 мыңнан астам үй иесіне жаңа пәтер беріледі

12 мың үй мен 26 мың саяжай су астында қалды.

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарымен күрес қалай жүріп жатқанын баяндады.

Жалпы табиғи апаттан 12 мың үй мен 26 мың саяжай су астында қалған, 98 үй әлі күнге дейін су астында.

"33 141 Қазақстан азаматы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Бұл мақсатқа бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 8 мыңнан астам үй апатты деп танылды, сондықтан олар бойынша қайталама нарықтан жаңа пәтерлер немесе үйлер сатып алу туралы шешім қабылданды" – деді Үкімет басшысы.

Бүгінгі таңда 3 155 отбасы қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер алды. Тағы 2 049 жаңа үй салынып жатыр. Жалпы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге шамамен 251 миллиард теңге жұмсалады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары