Тікелей эфир

Су құбырындағы апат: Екібастұзда төтенше жағдай жарияланады

Төтенше жағдай техногендік сипатқа ие.

Бүгін сағат 18.30-ға дейін Екібастұз қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарилау туралы қала әкімінің бұйрығын онлайн талқылауға қатысуға болады. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Төтенше жағдай Екібастұздан Майқайыңға баратын су құбыры желісінде болған апаттың салдарын жою мақсатында жарияланады. Құбырдың зақымданған бөлігі "Екібастұз қаласы су арнасының" екінші көтергіш сорғы станциясынан 27 шақырым жерде. 

Еске салайық, 21  ақпанда Баянауыл ауданының Майқайың кентіне диаметрі 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталған. Оны жою мақсатында жедел штаб ұйымдастырылды. 

"Ақаудың себебін анықтау және жою жұмыстары "Екібастұз қалалық су арнасы" МКК күштерімен жүргізіліп жатыр.  Жөндеу жұмыстарына 30 адам және 10 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД және "Майқайыңалтын"  АҚ мамандары жұмыс істеп жатыр" деп хабарлаған болатын Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі. 


Оқи отырыңыз: Екібастұзда құбыр жарылды: Тұрғындар жылусыз қалудан қорқып отыр


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары