Тікелей эфир

Су басып жатқан аймақтардағы жағдайды қалай онлайн көруге болады

Цифрлық даму министрлігі онлайн мониторинг жүйесін енгізіп, бұл үкімет басшысы тарапынан қолдау тапты.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның су басып жатқан өңірлеріндегі жағдайда онлайн көруге мүмкіндік беретін жүйе іске қосылғанын хабарлады. Бұл жүйеге төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады:

Су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан онлайн-трансляция

Онлайн-трансляция жүйесінің скриншоты

"Біз онлайн режимде әкімдіктердің қандай іс-әрекеттер жасап жатқанын қалай бақылауға болатынын көрсеттік, бұл мүмкіндікті барлығы көре алатындай және төтенше жағдай кезінде болып жатқан оқиғалар туралы түсінікке ие болатындай етіп онлайн режимде шығаруды ұсындық. Премьер-министр Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына қарсы жүріп жатқан іс-шаралардың барысы туралы бейнебақылау камераларды онлайн режимге шығару жөніндегі ұсынысымызды қолдады", – деп жазды Бағдат Мусин. 


Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккендер біржолғы өтемақыны апта соңына дейін түгел алады


Сондай-ақ, ол үкімет басшысы Олжас Бектеновке су тасқынын модельдеу мен су қоймаларының толуына болжам жасайтын жүйе прототипінің жұмысын көрсеткенін жазды. 

"Прототипті әзірлеу аясында дренажды модельдеу мен есептеу алгоритмдері жасалды, өзендердің бірнеше учаскелерінде пилоттық сынақтар жүргізілді. Тұжырымдама реттелетін және реттелмейтін дренажды есептеуге, сондай-ақ берілген су деңгейінде су басу аймағын картаға түсіруге мүмкіндік береді", – деді ол. 

Серіктестер жаңалықтары