Студенттердің жертөледе білім алуына рұқсат беріледі

Дәрісхана, оқу кабинеті, зертханаларды жертөлеге орналастыруға тыйым салатын талаптың күші жойылмақ.

Ашық НҚА порталында жарияланған "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының жаңа мазмұнына сәйкес, енді колледждер мен жоғары оқу орындарында дәрісхана, оқу кабинеті, зертханаларды жертөлеге орналастыруға рұқсат беріледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бекіткен ережедегі "Дәрісханалар, оқу кабинеттері, зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы тиіс" деген талапты алып тастау көзделіп отыр.

"Объектінің жертөле және цокольдық қабаттарындағы үй-жайлар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес орналастырылады" делінген құжаттың жаңа жобасында.


Оқи отырыңыз: 


Құжат жобасының авторларының түсіндіруінше, бұл өзгеріс Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келтіру мақсатында жасалып отыр.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз