Тікелей эфир

Студенттер арасында бағдарламалау байқауы өтеді

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен ЖОО студенттері қатыса алады.

SDU Open 2021 студенттер арасындағы халықаралық бағдарламалау чемпионатын Сүлеймен Демирел университеті мен мен Transtelecom ұйымдастырып отыр. Жарысқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдау 15 қазанға дейін жалғасады.

Қатысушылар бес сағат ішінде 10 бағдарламалау мәселесін шешуге тырысып, өздерінің бағдарламалау дағдылары мен есептерді шығару қабілетін көрсету үшін топ болып жарысады. Тапсырмалар жиынтығы түрлі қиындық деңгейлерін қамтиды. Әр топ 3 адамнан тұрады. Сәйкесінше, барлығы 6 жеңімпаз топ анықталады. 1-орында бір жеңімпаз, 2-орында екі жеңімпаз  және 3-орында үш жеңімпаз топ болады.

Байқау 5 сағат ішінде шешілуі қажет 10 есептен тұрады. Байқау Codeforces.com сайтында онлайн тәртібінде өтеді, ал жеңімпаздар байқау демеушісі Huawei компаниясы ұсынған құрылғылар – P smart 2021 смартфонына және белсенді шуды басатын Free Buds 4 сымсыз құлаққабына ие болады.

"Біз заманауи технологияның маңызды және болашақта өсу бағыты саналатын бағдарламалау чемпионатын қолдауға қуаныштымыз. Бүгінде әр елде жақсы бағдарламашылардың жетіспеушілігі байқалады, сондықтан біз жас мамандарды өз саласында үздік болуға шақырамыз", – деді демеуші компанияның Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі директоры Фан Джинйонг. 

Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Серіктестер жаңалықтары