2022-2023 оқу жылында ЖОО оқу ақысы бірден 12% қымбаттады. Бұл – соңғы бес жылдағы ең үлкен өсім.
Қазақстандық университеттерде білім алудың орташа бағасы 390 мың теңгеден басталып, 1,5 миллион теңгеге дейін жуықтайды. Нарықтағы қызметтер мен тауар атаулымен қабаттасып оқу ақысының да көтерілуі ата-аналардың қалтасына ауыр салмақ болып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қарағанды қаласының тұрғыны, бес баланың анасы Айжан Байділдинованың айтуынша, Қарағанды мемлекеттік университетінде оқитын ұлының оқу ақысы былтырмен салыстырғанда 100 мың теңгеге бір-ақ өскен.
"Былтыр оқудың бағасы 420 мың теңге болса, биыл – 520 мың теңге. Бір жыл ішінде оқу құны 100 мың теңгеге өсі. Баланы жоғары оқу орнында оқытпақ түгілі, күнделікті азық-түліктің алу өзі проблема боп тұр", – дейді Айжан Байділдинова.
Оқи отырыңыз: Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін 2-3 пайыздық несие беріледі
Айжанның басындағы мұң қазақстандық талай азаматты қапа етіп тұр. Алайда Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері оқу ақысы қатты көтерілмегенін айтады. Ведомство мәліметше, биыл инженерлік мамандықтар бойынша оқу ақысына 41 мың теңге қосылса, денсаулық сақтау саласында төлемақы 62 мың теңгеге көтерілген. Ал ең қымбаты – ауыл шаруашылығы саласында білім алу, оқу ақысы 82 мың теңгеге қымбаттаған.
Министрлік өкілдері оқу ақысы арзандамайтынын мәлімдеді. Олар мұны баға түссе, білім сапасы да төмендейтінімен түсіндіреді.
"Қазіргі таңда оқу бағасын белгілеу университеттердің академиялық саясатына сай жүргізіледі. Мәселен, шетелден мықты профессорларды шақыру, технология мен лабороториялармен жабдықтау ісі бар. Оның бәрі бүгінгі күннің талаптарына жауап беруі тиіс. Мықты мамандарды даярлау үшін университетің қаржы саясаты да дұрыс болуы керек", – деді Ғылым және жоғары білім министрлігі департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы.
Қазақстан бойынша 2022-2023 оқу жылында 609 150 студент жоғары білім алып жатыр. Олардың ішінде 378 775 студент ақылы бөлімде оқиды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды
-
246
-
0
-
2
-
-
2🔹️ “Браконьер” іс-шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
-
235
-
0
-
0
-
-
3Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты
-
238
-
0
-
0
-
-
4Балалар арасында қызылша ауруының көбеюіне екпеден бас тарту себеп болып отыр
-
249
-
0
-
0
-
-
5🗣30-ға жуық бала жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр
-
259
-
0
-
0
-
-
6ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды
-
172
-
0
-
0
-
-
7🇰🇿 🏒 «Барыс» көш басындағы «Металлургтен» басым түсті
-
159
-
0
-
1
-
-
8😨 Хамас содырлары Иерусалимде атыс жасады
-
138
-
0
-
0
-
-
9🔹 Қазақстанның басымдықтары Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұсынылды
-
110
-
0
-
0
-