Тікелей эфир

ШҚО мектептерінде бұрынғы қылмыскерлер мен психикалық ауытқуы бар адамдар жұмыс істеген

Қылмыстық тарихы бар адамдар кәмелетке толмағандардың қатысуымен еңбек қызметін жүзеге асырған.

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу фактілерін анықтады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.

"Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының талаптарына қайшы, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеді. Сондай-ақ, психиатриялық бұзылуларға байланысты "Д" есебінде тұрған 1 адам (көмекші персонал) балалардың қатысуымен қызметті жүзеге асырғаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Прокуратура шаралары бойынша білім беру ұйымдарында жұмысына жол берілмейтін адамдармен еңбек шарттары бұзылды. Кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Оқи отырыңыз: Елімізде жалған техбайқау құжаттары жойылады


Заңнамада көзделген шектеулері бар педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысы ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-5-бөлігінің 5) тармағы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктестер жаңалықтары