USD: 470.7 / 473.7
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

СҚО-да жұмысшы әйел астық қоймасына құлап, көз жұмды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде қайғылы оқиға тіркелді. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

Оқиға 19 қараша күні болған.

Полицияның мәліметінше, 34 жастағы жұмысшы әйел астық сақтайтын қоймаға құлап, оқиға орнында қайтыс болған.

"Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, әйел шамамен 30 метр биіктіктен құлап, тікелей астыққа түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері оның асфиксиядан көз жұмғанын анықтаған. Қайғылы жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау