USD: 472.5 / 475.5
  • EUR: 541.5 / 546.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

СҚО-да мектеп қабырғасын сырлаған екі қызметкер биіктен құлап, ауыр жарақат алды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Еңбек инспекциясы тексеріс бастады.

Солтүстік Қазақстан облысында мектептің спорт залын жөндеу кезінде екі қызметкер биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқиғаға байланысты еңбек инспекциясы тексеріс бастап, полиция сотқа дейінгі тергеуді қолға алды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оқиға мектептің спорт залында қабырғаны сырлау кезінде болған. Мектеп басшылығының мәліметінше, 20 жылдан бері жөндеу көрмеген ғимаратты биыл өз күшімен ақтау жұмыстары жүргізілген. Бұл іске шаруашылық бөлімінің екі қызметкері тартылған.

Мектеп директоры Жадыра Зұлқарнаеваның айтуынша, жөндеу жұмыстарына қатысу ұжымдық шарт негізінде қызметкерлермен келісілген және бұл үшін қосымша жеңілдіктер мен демалыс күндері қарастырылған.

Дәрігерлердің мәліметінше, 54 жастағы әйелдің екі аяғы сынған, ал 57 жастағы қызметкердің 12-кеуде және 1, 2, 3-бел омыртқалары компрессиялық сынған. Қазір екеуіне де қажетті ем көрсетіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрған. Ведомство мектеп қызметкерлерін мұндай жұмысқа тартудың заңдылығын, бұл міндеттің олардың еңбек шартында көзделген-көзделмегенін және жұмыстың еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай ұйымдастырылғанын тексеретінін мәлімдеді.

Инспекция өкілдерінің айтуынша, егер жұмыс екі метрден жоғары биіктікте жүргізілсе, мұндай жұмыстарға арнайы мамандардың тартылуы қажет болған-қажет болмағаны да анықталады.

Ал полиция еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, кінәлі тұлғалар анықталған жағдайда олардың заң аясында жауапқа тартылатынын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау