Тікелей эфир

"Спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін". Головкин рингке қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады

Головкин спортпен шұғылдануды тоқтатпағанын айтты.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында шаршы алаңға қайта оралу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлады Sports.kz.

"Мен зейнеткер емеспін. Отбасыммен бақытты сәттерді өткеріп жатырмын. Менің жаңа қызметім бар, алайда спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін, себебі одан ләззат аламын, ал спорттағы мансабымның аяқталғаны туралы ешқашан жариялаған емеспін. Мен үшін өмір – уақыт мәселесі: ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым бек мүмкін", – деді Геннадий Головкин.

Серіктестер жаңалықтары