
Сот саласына еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев президент жолдауына қатысты ойын білдірді.
– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдай отырып елімізде бірқатар салаларда үлкен өзгерістер болатынын аңғаруға болады. Ең бастысы Әділетті Қазақстанды орнату енді басталатыны айтылды. Мүмкін өткен уақыттағы атқарылған жұмыстар соған дайындық болған деп ойлаймын. Қазіргі таңда елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту ең басты мәселе екені анық. Жолдауда халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуда нақты тапсырмалар берілді. "Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл өз кезегінде оның көлемін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді", – деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты. "Бұл 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады" деді Президент.
Ендігісі, сол саласына енгізілетін өзгерістер. Яғни Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғарғы сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн, деді. Жалпы, әділетті мемлекет болу үшін сот жүйесі мықты болу керек. Соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьяның еркіндігі секілді проблемаларды көптен бері баспасөз беттерінде көтеріп келеміз. Кейде соттарға қысым сырттан емес, сот төрағаларының өзінен де болып жатады. Жаңа Жолдауда бұл мәселелер шешілетіні сөз болды, яғни судьялар сот төрағаларын өз іштерінен сайлайды. Қаншама уақыттан беру көтеріліп келе жатқан өзекті мәселеге Президент нүктесін қойды. Және тағы бір жүйедегі жаңалық, сот кеңесінің жұмысы күшетілетіні бұл салаға серпін берді.
Сот саласында тың өзгерістер әділетті қоғам құруда аса маңызды қадам болды деп есептеймін.
Бекет Тұрғараев,
Сот саласына еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор
#ЖОЛДАУҒА_2022
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
326
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
278
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
286
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
276
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
286
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
254
-
0
-
1
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
244
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
247
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
242
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
251
-
0
-
0
-