Сот "Алматы Су" қызметкеріне қатысты істі қайта қарады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Үкім заңды күшіне енді.

"Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"Жолдыбаев орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу мен сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 миллион теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды", – делінген хабарламада.

Сот үкімімен Жолдыбаевқа бес жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынып, бас бостандығынан бес жылға шартты түрде айыру тағайындалған.

Алайда қадағалаушы прокуратура наразылық білдіріп, бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді. Шартты жаза бес жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Айыпталушы сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары