Тікелей эфир

Соңғы алты айда несие алатын қазақстандықтар саны 2 миллионға азайды

Берілген несиелер саны да сәуірден бері бірінші рет қысқарды.

Биыл қыркүйекте несие беру көлемі тамыз айымен салыстырғанда 11 пайызға азайып, 1,2 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды бірінші несие бюросы. 

Берілген несиелер саны сәуірден бері бірінші рет қысқарды. Дәлірек тамыз айымен салыстырғанда 9,5% азайып, 3,8 млн теңге болды. Мұнымен қатар қарыз алушылар саны сәуір айынан бері 2,28 млн адамға дейін қысқарды. 

"Тамыз айында 860 млрд теңге, ал қыркүйекте 741 млрд теңге көлемінде кепілсіз тұтынушылық несие берілді. Осылайша жаңа несиелердің, қарыз алушылардың саны және орташа сома азайды. Сондай-ақ автонесие тамыздағы 156 млрд теңгемен салыстырғанда қыркүйекте 144 млрд теңгеге дейін төмендеді", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Несие төлемін кешіктірсеңіз, не істеу керек? Маман кеңесі


Тамызда заңды тұлғаларға жаңадан 1,6 трлн теңге, қыркүйекте 1,4 трлн теңге берілді. Несие алушылар саны да 53,8 мыңнан 46 мыңға азайды.

Заңды тұлғаларға берілген несиелердің жалпы портфелі 1 қазандағы жағдай бойынша 24 трлн теңгені құрады.

Серіктестер жаңалықтары