2021 жылы БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шотына аударымдарs 774,2 млрд теңгені құрады.
2021 жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша, БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотының саны 11,5 миллионды құрады. Ал зейнетақы шоттарындағы жинақ сомасы 12,8 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 8,3% өсті. Соңғы 5 жылда азаматтардың салымдарының саны 15,5% артты.
2021 жылы маусым айының соңына қарай кестеге сай жыл сайын төленетін төлемнің орташа мөлшері 28,8 мың теңгені құрады. Ал міндетті зейнетақы салымы бойынша ең көп төлем – 673, 6 мың теңге. Мұндай айырмашылық салымның көлемі және оның қаншалықты жиі салынғанымен байланысты.
Орташа есеппен салым салу уақыты 40 жылға созылады. Бұл өз кезегінде базалық зейнетақының мөлшеріне әсер етеді. Еске салсақ, 2018 жылдың 1 шілдесінде әрбір азаматқа мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып тағайындау туралы шешім қабылданды.
Оқи отырыңыз: АЕК, базалық зейнетақы өседі. 2021 жылы әлеуметтік төлемдер мөлшері қалай өзгереді?
Елде белсенді салымшылардың саны артып келеді:
- 2018 жылы – 6,4 млн;
- 2019 жылы – 6,6 млн;
- 2020 жылы 8,9 млн болды.
Орташа есеппен жұмысшылардан жылына 8 рет салым түсті. Жалпы 6 айдың есебі бойынша, салымшылардың шотына 629,6 млрд теңге аударылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,1-ге көп.
Зейнетақы салымдарының өсуіне халықтың табысы да әсер етті. Бірақ, осыған қарамастан елде үш жыл қатарынан ең төмен жалақы 42 500 теңге болып отыр.
Сондай-ақ, зейнетақы салымдарының өсуіне инвестициялық табыс әсер етеді. Зейнетақы шотында қаржы көп болған сайын инвестициялық табыс та көп болады. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шотына аударылған аударымдар 774,2 млрд теңгені құраны. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36,9% көп. 2020 жылы 565,7 млрд тг болған еді.
Қазақстанда мемлекет құнсыздану деңгейін ескере отырып міндетті зейнетақы жарналарын сақтандырады – бұл бірегей модель. Егер табыс құнсыздану деңгейінен төмен болса, мемлекет айырмашылықты республикалық бюджет есебінен бірегей төлем арқылы төлейді. Ал егер керісінше табыс құнсыздану деңгейімен тең немесе одан асып түссе, мемлекет тарапынан ешқандай ақша қосылмайды.
Қазір белгілі бір салымшылардың зейнетақы жинағындағы ақшасын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе ем алу үшін пайдалануға құқығы бар. Салымшы сұратқан зейнетақы жинағындағы сомасын БЖЗҚ-дан уәкілетті оператордың арнайы шотына аударады. Бұл сома инвестициялық басқарудан алынатындықтан, оған инвестициялық табыс қосылмайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
334
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
312
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
300
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
288
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
307
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
287
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
263
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
248
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
240
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
237
-
0
-
5
-