Тікелей эфир

Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есе азайды

2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін тағы да 223 орын ашу жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері елімізде 29 620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Олардың 3-еуі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева баяндады.

"Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге төмендеді. 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін тағы да 223 орын ашу жоспарланып отыр. Сол арқылы халықтың мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігінің 70 пайыздан астамын қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын басты талап – санға емес, сапаға жұмыс жасау. 2023 жылы 20 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады, сондай-ақ, 79 мектепке дейінгі ұйымда "Құзыреттілік орталықтары" тұрақты негізде жұмыс жасайды", – деп атап өтті  Наталья Жұмаділдаева.

Соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25 пайызға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы да 30 пайызға көтеріледі.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда балаларға арналған "Әлеуметтік патронат" жобасы іске қосылады


Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұрудың бірыңғай базасын енгізу жүзеге асырылады. Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары