Солтүстік Қазақстан облысында ірі сүт фермасының құрылысы аяқталды

Бұл ферма 1500 бас сиырға арналған.

Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында 1500 басқа арналған аймақтық деңгейдегі ең ірі сүт-тауарлы фермаларының бірінің құрылысын аяқталды. 

Ферма құрылысын Orbis Construction компаниясы жүзеге асырды. Құрылыс жұмыстарының қызған шағында нысанда 150-ден астам маман және 40-қа жуық техника жұмылдырылды.

Orbis Agro компаниясының бас директоры Нобуюки Аракаваның айтуынша, жаңа ферманың құны 700 млн теңгеден асатын Westfalia маркалы заманауи сауып-жинау және сүт сақтау жабдықтарымен жабдықталған. Қазіргі уақытта кәсіпорын соңғы валидация кезеңінен өтіп, өңдірістің іске қосылуына дайындалып жатыр. Алғашқы голштин тұқымды асыл тұқымды сиырлар осы жылдың соңына дейін шетелден әкелінеді. "Карусель" әдісімен жүргізілетін сауын процесі, кешеннің тиімділігін арттырады. Шикізат әріптес компаниялардың сүт өңдеу зауыттарына жөнелтілетін болады. 

Жоба "Буденное-СК" ЖШС базасында "Солтүстік" ӘКК қолдауымен жүзеге асырылған. Оған салынған жалпы инвестиция көлемі 8,7 млрд теңгеден асты.

"Өндірістік қуат толық іске қосылғанда, мұнда жылына 11 млн литрден астам шикі сүт өндірілетін болады. Бұл көрсеткіш бойынша ферма өңірдегі ең ірілердің бірі болмақ. Кәсіпорында 70-тен астам тұрақты жұмыс орны ашылады", – деді "Буденное-СК" ЖШС тең құрылтайшысы Мұстафа Гулиев.

Фермадағы мал шаруашылығы үшін жем-шөп қорын Orbis Agro компаниясы өз өндірісі есебінен қамтамасыз етеді. Бұл үшін жүгері және басқа да азықтық дақылдардың егістігі, сондай-ақ құрамажем зауыты іске қосылады.

"Біздің мақсатымыз жай ғана жаңа ферма салу емес, мал шаруашылығына озық технологияларды енгізу болды. Карусельдік сауу әдісі, толық жем-шөп базасы және заманауи инфрақұрылым өнім сапасын және өндірістің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өңірде сүт өңдеу саласын кеңейту мен дамытуға жасалған қадам", – деді Orbis Kazakhstan холдингінің негізін қалаушысы Фаррух Махмудов.

Серіктестер жаңалықтары