Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 мыңнан астам баланың құқы қорғалды.

Солтүстік Қазақстан облысының 74 мектебінде оқушылар тыйым салынған сайттарды еркін пайдаланған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласының жалпы білім беру мекемелерінде "Білім туралы" заңның 43-бабындағы талаптар өрескел бұзылған.

"Белгіленген нормаларға қарамастан, 74 мектепте кәмелетке толмағандар өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге, соның ішінде суицид пен зорлық-зомбылыққа итермелейтін материалдар жарияланған сайттарға еркін қол жеткізген", – делінген хабарламада.

Мектеп директорларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409- бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 мыңнан астам баланың құқы қорғалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз