Тарихи нысандар OLX онлайн сату қосымшасында ашық түрде саудалануда.
Солтүстік Қазақстан облысында тарихы бір ғасырдан артық ғимараттар бірінен соң бірі сатылып жатыр. 150 жыл бұрын салынған тарихи нысандар OLX онлайн сату қосымшасында ашық түрде саудалануда, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ғимараттар жеке меншікте. Петропавл орталығындағы ғимараттың бірі 1852 жылы полиция пункті ретінде ашылған. Көлемі 300 шаршы метр ғимаратты сатылымға қойған қожайыны үш қабатты ғимаратты 90 миллион теңгеге бағалап отыр. айтуын, қазір қымбатшылық жайлаған заманда ғимаратты күтіп ұстау тиімсіз болғандықтан сатуға қойыпты.
"Бұл нысанның коммуналдық төлемдері ай сайын 150 мың теңге шығады. Одан бөлек, қызметкерлердің жалақысын төлеу керек", – дейді тарихи ескерткіш ғимаратының қожайыны Владислав Речегов.
СҚО тарихи-мәдени мұраны пайдалану мен қорғау орталығының өкілі Ольга Есетованың айтуынша, Петропавлдағы жиырмаға жуық тарихи ғимарат жеке меншікте.
"Бұл ғимараттар жеке меншік қолында болған соң оны сата ма, жоқ па, өзі біледі. Өйткені, ғимарат мемлекет меншігінде емес. Бірақ, оларға тарихи нысанды бұзуға тыйым салынған", – дейді ол.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
252
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
260
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
242
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-