Смитсон орталығы Қазақстанның мәдени мұра қоры мен қолөнерін қолдайды

Смитсон орталығы Қазақстанның мәдени мұра қоры мен қолөнерін қолдайды
Қолөнершілер АҚШ-та өтетін халықаралық халық өнері жәрмеңкесіне және оқыту сапарына қатысады.

Вашингтондағы Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығының мамандары 2025 жылғы мамыр айында жергілікті қолөнершілермен танысу, тәжірибе алмасу және үш жылдық ынтымақтастық орнату жоспарын құру мақсатында Қазақстанға келген.

Зерттеу сапары қолөнерді қолдау және Қазақстанның мәдени мұра қорын құру бастамасы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама дәстүрлі қолөнерді зерттеуге, құжатқа түсіруге және оның танымалдылығын арттыруға бағытталған. Жоба "Шеврон" компаниясы мен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің қолдауымен іске асырылады. 

"Мәдениет саласындағы атқарылатын жұмыстар біршама уақытты талап етеді. Компанияның осы бағыттағы ұзақ мерзімді инвестициясы командамызға айтарлықтай жұмыстар атқаруына септігін тигізіп қана қоймай, берік ынтымақтастық орнатуға және бүкіл Смитсон институты бойынша мамандардың Қазақстандағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға қатыстыруға мүмкіндік береді", – дейді Смитсон орталығының арнайы жобалар жөніндегі директоры Холли Батвин.

Жобаның жергілікті серіктесі – Қазақстанның қолөнершілер орталығы. Бұл орталық Қазақстан жастарын қолөнер жұмысына көптеп тартуға, қолөнер кәсіпорындарының білімін, дағдыларын және табысын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан қолөнершілері мен басқа елдер арасындағы байланысты нығайтуға белсене араласады. Екі ұйымның өкілдері Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларындағы қолөнер шеберханаларына барып, әлеуетті серіктестермен кездесті, шаралар ұйымдастырды және жастарды қолөнер қоғамдастығына қатыстыру туралы панельдік талқылаулар жүргізді. 

Смитсон орталығы сарапшылары зерттеу сапарында таңдап алған қазақстандық қолөнершілер Санта-Федегі (Нью-Мексико штаты) Халықаралық халық өнері жәрмеңкесіне және Алматының бауырлас қаласы – Тусон (Аризона штаты) қаласына оқыту сапарына қатысады. Сапар аясында қолөнер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі шеберлік сабақтары өтеді. Қыркүйек айында Тусон қаласының қолөнершілері Алматыға Қолөнер фестиваліне барады.

ЮНЕСКО Әлемдік мұрасы тізімінде Қазақстанның 6 нысаны бар, сонымен қатар Қазақстан Ұлы Жібек жолының маңызды бір бөлігі болған және өзінің көшпенді түп-тамырын әлі үзбеген. Кең-байтақ жері және әртүрлі климаты киіз басу, кесте тігу, зергерлік, ағаш ою сияқты көптеген мәдени мұраның қалыптасуына септігін тигізген. Қазақстанның қолөнершілері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнерді одан әрі дамытып келеді.

"Компаниямыз Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығымен бірлесіп, жақында құрылған Қазақстанның мәдени мұра қорына қолдау көрсеткеніне үлкен абырой тұтады. Қазақстанның өркениеттердің тоғысқан жерінде орналасуы және көшпенді өмір салтын ұстануы әсерінен қалыптасқан бай мәдени мұрасы бар. Бұл қолөнер мен музыкадан бастап әдебиет пен халық дәстүріне дейінгі қазақ мәдениетінің көптеген салаларында көрініс табады. Қор елдің бай мәдениеті мен тарихын сақтап қалуға және халықаралық ынтымақтастық пен шығармашылықты дамытуға көмектеседі", – деп мәлімдеді "Шевронның" Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс. 

Жобаның тигізген әсерін бағалау Қазақстандағы орталықтың одан әрі қарайғы жұмысын қалыптастыруға көмектеседі және дәстүрді, инновацияны және мәдени алмасуды қолдайтын Қазақстанның Мәдени мұра қорын дамытуға бағыт-бағдар береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау