Әлихан Смайылов Үкімет әртүрлі сценарийге дайын екенін жеткізді.
2023 жылдың наурыз айынан бастап инфляция деңгейі төмендейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысын кейін өткен брифингте айтты.
"Халықаралық сарапшылар биыл жалпы дүние жүзінде инфляция қарқыны баяулайды деп болжап отыр. Ол бізге де әсерін тигізеді. Бірінші тоқсан шеңберінде жылдық инфляция өзінің шегіне жетеді деп ойлаймыз. Ары қарай наурыз айынан бастап инфляция деңгейі едәуір төмендейді деп күтеміз. Жылдың қорытындысы бойынша, инфляцияны 9,5 пайыз шеңберінде сақтаймыз деген мақсат қойып отырмыз", – деді Үкімет басшысы.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Үкімет пен Ұлттық банк 2023 жылы инфляцияны ауыздықтауы тиіс
Әлихан Смайылов жыл соңына дейін экономикалық өсімді кем дегенде 4 пайызға көтеру жоспары бар екенін айтты. Сонымен қатар Үкіметтің алдағы жоспарларын бөлісті.
"Индустрия саласында жалпы көлемі 1,1 трлн теңгеге 150 инвестициялық жобаны іске асырамыз. Ауыл шаруашылығы аясында 265 инвестициялық жобаны 540 млрд теңгеге іске асырамыз. Жалпы 400 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрамыз және 1 млн-ға жуық адамды жұмысқа орналастырамыз. Тікелей шетелдік инвестицияның көлемі кем дегенде 24,4 млрд долларды құрайды деп күтудеміз", – деді премьер-министр.
Оқи отырыңыз: Алтай Көлгінов: Бағаның көтерілуіне импортқа тәуелділігіміз себеп болып отыр
Сондай-ақ, Әлихан Смайылов биыл да геосаяси ахуал қиын болып сақталатынын айтып, Үкімет әртүрлі сценарийге дайын екенін жеткізді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-