Смайылов: Интернет жақсы болмаса, цифрлық платформа, ақпараттық жүйелерден пайда жоқ

Үкімет басшысы халықтан интернет сапасына қатысты көп шағым түсіп жатқанын айтты.

Егер интернет байланысы жақсы болмаса, цифрлық платформалардың және ақпараттық жүйелердің пайдасы жоқ, деді үкімет басшысы Әлихан Смайылов үкімет отырысында.

"Интернет-қызметтердің сапасына сұрақтар бар. Алыстағы елді-мекендерді айтпағанда, біздің ірі қалаларымызда интернет байланыстың сапасы барлық жерде бірдей жақсы емес. Халықтан түсіп жатқан шағым көп. Егер интернет байланысы жақсы болмаса, цифрлық платформалардың және ақпараттық жүйелердің пайдасы жоқ. Цифрлық даму министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау керек", – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, цифрландыру саласындағы барлық мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жұмысын үйлестіруді күшейту қажет екенін айтты.


Оқи отырыңыз: 1 қыркүйекте Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы іске қосылды


Осыған байланысты премьер-министр бірнеше тапсырма берді. Атап айтқанда:

  • Цифрлық даму министрлігіне орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ақпараттық жүйелердің істен шығуын азайтатын жүйелі шаралар қабылдауды қамтамасыз етуді;
  • Еңбек, Сауда және интеграция министрліктеріне жыл соңына дейін "Отбасының цифрлық картасы" және "Әлеуметтік әмиян" жобаларының тиімді жұмысын қамтамасыз етуді;
  • Экология министрлігіне ақпараттық жүйелердің уақтылы интеграциялануын қамтамасыз етуді және 2023 жылдың соңына дейін Kaznedra платформасын іске қосуды;
  • Ғылым министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, елдің ғылыми-техникалық дамуына жеке инвестицияларды кеңінен тарту үшін жаңа ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар құруды басым инвестициялық жобалар тізбесіне екнгізу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Әлихан Смайылов бұл мәселелерді өзі бақылауға алатынын айтты. 


Оқи отырыңыз: 2022 жылы әлеуметтік әмиян қолданысқа енеді. Оның банк картасынан айырмасы қандай?


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары