Ильичевка ауылының тұрғындары қыста орларға балалар түсіп кете ме деп алаңдап отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Ильичевка ауылына су құбырын тарту үшін арнайы шұңқырлар қазған мердігер компания бюджеттен 1 миллиард теңгеден артық қаржы алған. Алайда тұрғындар жұмыстың тоқтағанына жарты жыл болғанын айтады. Бұл аралықта қазылған шұңқырларға құлап мертіккен мал саны аз емес, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қыс жақындағалы тұрғындардың уайымы күшейген. Қар басып, жердің шұңқыры білінбей қалатын кезде оған малдан бөлек, балалар құлап, мертіге ме деп алаңдайды.
"Жұмыстың нәтижесі жоқ. Бүкіл көшені шұңқыр етіп қазып, тастап кетті. Оны неге жаппайтынын сұрасақ, жауабын беретін ешкім жоқ", – дейді ауыл тұрғыны Мәншүк Зардхан.
Оқи отырыңыз: СҚО-да айыппұл тұрағындағы көліктер 500 мың теңге бастапқы бағамен сатылып жатыр
Дегенмен, мердігер компания болса, жұмыстың тоқтамағанын, ал шұңқырлардың уақытыл көмілмеуін бетон сақина өндірісінің үлгермеуімен байланыстырып айтып отыр.
"Жұмысты тастап кеткен жоқпыз. Жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Шұңқырлар жабылмай жатқан себебі, қазір бар жерде құрылыс қызу жүріп жатқандықтан, бетон сақина жасайтын кәсіпорындар үлгермей жатыр", – деп түсіндірді мердігер өкілі Жасұлан Тұрғанбаев.
Ал Ильичевка құрамына кіретін Амандық ауылдық округінің әкімі Нариман Тасымов мердігерге ескерту жасалғанын және олардың олқылықтарды түзеуге уәде еткенін айтты. Оның сөзінше, жоба екі жылға жоспарланғанмен, ауыл ішіне қазылған шұңқырлар қазан айының аяғына дейін жабылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
249
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
230
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
244
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
245
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
248
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
246
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
229
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
242
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
229
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
223
-
0
-
0
-