USDUSD: 502.9 / 505.5
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.79 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +9C
Все города

Сириядағы әскери қақтығыстан кейін елді қайта қалпына келтіруге 400 миллиард доллар қажет

Сириядағы азаматтық соғыс салдарынан елде 18 пайызға жуық ғимарат пен тұрғын үй қираған.

Сириядағы әскери қақтығыстан кейін елді қайта қалпына келтіруге 400 миллиард доллар қажет, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік банктің мәліметінше, соғыс салдарынан ел экономикасы 52 пайызға төмендеген екен.

Сириядағы азаматтық соғыс салдарынан елде 18 пайызға жуық ғимарат пен тұрғын үй қираған. Ал инфрақұрылымға келтірген шығын көлемі 118 миллиард долларға жеткен. Вижен оф хюманити (Vision of Humanity) ақпараттық порталының мәліметі бойынша, 2010 жылдан бастап, елдегі халықтың табысы 54 пайызға төмендеп, халықтың дені кедейліктің шегіне жеткен.

Десе де, елдегі ахуалға қарамастан, азаматтық соғыстан басқа елдерге қашып барған мыңдаған босқын біртіндеп отанына оралып жатыр. Мәселен, Түркия, Ливан және Иракпен арадағы бақылау-өткізу бекетінде жүздеген көлік өз кезегін күтіп тұр.

"Жаңа Үкіметтің жасап жатқан мәлімдемелері бізді жігерлендірді. Сондықтан, елге қайтуға бел будық. Бәрі орынына келеді деген сенімдеміз. Туған елге сағына оралудамыз", – деді сириялық босқын Мухаммед Бара.

Қазір Сирияда уақытша Үкімет елдің даму картасын жасап жатыр. Алдағы уақытта халық санағы жүргізілмек. Ал БҰҰ ел экономикасын қалыпқа келтіру кемінде 10 жылға созылады деп отыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары