Сирияның Дамаск қаласының маңында 200-ге жуық адам жерленген орын табылды

Фото: AP Photo/Omar Albam
Фото: AP Photo/Omar Albam
Көпшілігі туыстарын киім-кешегінен танып жатыр.

Сирияның Дамаск қаласының маңында 200-ге жуық адам жерленген орын табылды. Жергілікті билік бейбіт тұрғындарды бұрынғы президент Башар Асадтың әскері қоршаудағы аумақтан қашпақ болған кезде өлтірген деп отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Арнайы іздестіру тобы әзірге жиырма бес мәйітті шығарған. Қорым ұзақ жылдар бойы оппозиция бақылауында болған егістік алқабында орналасқан. Қорым басына жоғалған жақындарын іздеген жандар да жиналды. Көпшілігі туыстарын киім-кешегінен танып жатыр. 

Айта кетейік, Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылы басталып, он төрт жылға жалғасты. Қанды қақтығыс тек 2024 жылдың желтоқсанында көтерілісшілердің шабуылынан кейін Асад биліктен кеткен соң аяқталған еді. 

Бірақ әлі күнге дейін жүз елу мыңнан астам адам хабар-ошарсыз. Сарапшылардың айтуынша, олардың көбі дәл осындай жасырын қабірлерде жерленген болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз