Синоптиктер Қазақстан аумағында тұман мен көктайғақ болатынын ескертті

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock
Қазақстанда антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Елдің солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады. Солтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстікте жел күшейеді.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз +1...+3°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +13...+15°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +16...+18°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +15...+17°C.

Ақтөбеде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +6...+8°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +12...+14°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +7...+9°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз -1...+1°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +2...+4°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +13...+15°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз +3...+5°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +16...+18°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +3...+5°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +1...+3°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +11...+13°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +15...+17°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +18...+20°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

Өскеменде бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +1...+3°C.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз