Синоптиктер 20 мамырға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. "Қазгидромет" мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда бірқатар өңірде найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Астанада күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +25…+27°C-қа дейін көтеріледі.
Алматыда жауын-шашынсыз, күндіз +21…+23°C шамасында болады.
Шымкент, Түркістан және Таразда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде дауылды жел күшейеді.
Қызылордада күн бұлтты болып, нөсер жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі.
Көкшетау, Қостанай және Петропавлда күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні күшейеді.
Атырау мен Оралда күн ыстық болады. Ауа температурасы +30…+33°C-қа дейін жетеді.
Өскемен мен Семейде түн салқын болғанымен, күндіз +19…+23°C аралығында жылы ауа райы сақталады.