ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметтулин қазақстандық стэнд-ап комик Нұрлан Сабуровты Ресейден депортациялау жағдайына қатысты пікір білдірді.
"Мен де сол сіздер білетін ақпаратты білемін. Сыртқы істер министрлігіне Нұрлан Сабуровтан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Депортация ықтималдығы туралы хабарламаларға келсек, иә, мен де БАҚ-тан білдім. Оның визасының мерзімі аяқталғаны және Ресейден кетуі керек болғаны, яғни біраз уақыт Қазақстанда болғаны туралы ақпарат болды", – деп түсіндірді Ақан Рахметтулин.
Сондай-ақ, СІМ ресми өкілі жоғарыда айтылған жеке пікірі екенін, яғни ведомствоның атынан жасалған ресми мәлімдеме емес екенін ескертті.
Оқи отырыңыз: Димаштан Иманбекке дейін. Шетелде танылып, кейін елімізде мойындалған қазақстандықтар
2025 жылғы 19 мамырда белгілі қазақстандық стэнд-ап комик Нұрлан Сабуровқа қатысты жаңалықтар жарияланды. Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Сабуровқа Ресей аумағынан шығарылу талабы қойылған. Бұл ақпаратқа сәйкес, оның визасының мерзімі аяқталуына байланысты елден кетуі қажет болған.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, оған 5 мың рубль, яғни 31 850 теңге көлемінде айыппұл салынған.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59