SIM-карталарды байланыс операторларының кеңсесінен тыс жерлерде сатқан кәсіпкерлер әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Яғни, дүкен-дүңгіршек, базаларда саудалаған сатушы айыппұл төлейтін болады. Өйткені, бұдан былай телефон нөмірлерін тек ресми байланыс операторлары ғана сатуға құқылы.
Цифрлық даму министрлігі абоненттік нөмірлерді тіркеу тәртібін күшейтуге бағытталған құжатты қоғам талқылауына шығарған. Соған сәйкес, жеке тұлғаны сәйкестендірмей SIM-картаны сатуға тыйым салынғалы отыр. Ал нөмірлер тек байланыс операторларының ресми нүктелерінде саудалануға тиіс. Демек, шектеу бүкіл дүкен-дүңгіршектер мен базарларға қатысты болады.
Осылайша, енгізілгелі отырған жаңашылдық алаяқтық әрекеттердің санын азайтуға ықпал етпек. Ал ережені елемей, SIM-карталарды сатуды жалғастырған кәсіпкерлер айыппұл төлейді. Бірақ, әзірге айыппұл көлемі белгісіз деді ведомство өкілдері.
Айтуларынша, қазір бір адамның атына 5-10 нөмірді тіркеуге қатысты депутаттар бастамасы қарастырылып жатыр. Егер SIM-карта саны одан асып кетсе, байланыс операторына растайтын материалдар ұсынуы қажет.
Астаналықтар да өзгерістер интернет-алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік берсе, қолдауға әзірміз деп отыр.
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.49 / 6.61