Әр отбасына 50 келі азық-түлік жеткізіледі.
1 шілдеден бастап "Ел тірегі – Елбасы" акциясы тағы бір рет өтеді. Бұл туралы "Халық" қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесі хабарлады.
Акция шеңберінде 20 мың отбасына қолдау көрсетіледі. Оларға жалпы сомасы 500 млн теңге болатын 1 миллион килограмнан астам азық-түлік үлестіріледі. Соның ішінде әр отбасына 50 килограмнан күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант-шай және кәмпит беріледі.
Азық-түлік себеттері қор бұрыннан көмек көрсетіп келген отбасыларға таратылады. Олар:
- қаржылай қиындыққа тап болған, аз қамтылған;
- көп балалы;
- ерекше қажеттілікке ие балалары бар отбасылар.
"Ел тірегі – Елбасы" акциясына отандастарымыз өз үлесін қосты. Көптеген жұмыс жасалып, бірлескен күш-жігердің арқасында он мыңдаған отбасына қажетті азық-түлік жеткіздік. Бұл мүмкіндіктеріміздің шегі емес екенін білеміз! "Халық" қорының қайырымдылық акциясы 2021 жылы бірнеше рет өтеді. Еліміздің барлық азаматы мен кәсіпкеріне үндеу – ынтымақтастықта болыңыз, шет қалмаңыз, бізге қосылыңыз. "Ел тірегі – Елбасы" акциясын қолдайық. Бәріміз біріксек, қайырымды істер артады", – деді "Халық" ҚҚ қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Кулибаева.
Қор бастамасын еріктілер де қолдап, азық-түлік себеттерін отбасыларға дейін тасымалдауға көмектесті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-