Тікелей эфир

Шымкентте қала күніне орай жаппай жүгіру марафоны өтті

73 жастағы Мұхаммедәлі Джуленбаев пен Юрий Остапенко Шымкент күніне орай ұйымдастырылған 5 шақырымдық жүгіруге қатысты.

60 жасынан бастап жүгіру марафонын қалдырмаймыз деген екі дос салауатты өмір салтын ұстану қажет дейді. Әрі өздері спортпен айналысу арқылы жас ұрпаққа өнеге болуды мақсат етіпті.

"Аса қатты қиын болған жоқ. Сәл тізем ауырды. Бірақ, шыдауға болады. Жалпы осындай жаппай жүгірістер көп болса екен. Жастарды да қатыстыру керек. Сонда ұлтымыздың дені сау болады. Әрі ұйымдастырушыларға дәл осындай жаппай марафонды жиі ұйымдастырса екен деймін. Өйткені, ақша төлеп көбі қатыса алмауы мүмкін. Ал, бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік", – дейді Мухаммедәлі Джуленбаев.

Үнемі спортты насихаттап жүреміз деген қариялар бұған дейін 21 шақырымды марафонға да қатысқан екен. Юрий Остапенко, Шымкент қаласының тұрғыны.

"Мен осы Шымкенттің өзінде 10 марафонға қатысқанмын. Ең көбі 21 шақырым болған. Ал бүгінгі шара өте керемет өтті. Өйткені, күн жылы болды. Әдетте, көбі күзде салқында өтетін еді. Көңіл-күйім керемет".

Таңмен таласа оянып жүгіруге келген қарапайым жұрттың арасында әлем чемпиондары да бар. Спортшылар қала күніне орай ұйымдастырылған жаппай жүгіруде тұрғындарға қолдау білдіруге келіпті. 

Біржан Жақыпов, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері: "Мен өзім жүгіру марафондарын қалдырмаймын. Бүгін де таңертең тұрып, қала тұрғындарымен бірге жүгіруге келдім. Спорт-салауатты өмір кепілі. Спортпен шұғылданайық".

Жалпы спортшылар берілген жолды 40 минутта жүгіріп өтуі қажет болған. Алайда алғаш болып финишке жеткен Азизхан бұл шыңды небәрі 15 минут 58 секундта бағындарыпты. 

"Көңіл-күйім өте керемет болды. Шынында спортты жақсы көретін қызығушылар қатарыкөбейіп келеді екен. Финишке алғаш болып мен келдім. Шамамен 30-50 секундттан кейін өзгелері келе бастады. Өте керемет шара болды. Рақмет", – дейді Азизхан Камильжанов.

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқарамсындағылардың айтуынша, көптің көңілінен шыққан жаппай жүгіруге бюджет қаражатынан бірде-бір ақша бөлінбеген. Шара 100 пайыз демеушілердің есебінен ұйымдастырылыпты. 

 Ермек Дәрменов, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының муа: "Ең басты мақсатымыз бірінші,екінші орынды анықтау емес. Мұндағы жүгіруге қатысқан әрбір шымкенттік бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуда. Әрі бұл жерде жүлде қоры деген жоқ. Барлық қатысушыларға естелік марапаттар табысталды. Әрі арнайы қала күнінне орай 500 медаль дайындалды. Бірақ қатысушылар саны одан да көп болды. Бұл, әрине, қуантарлық жайт".

Ермек Дәрменов жыл сайын жаппай жүгіру марафонын үрдіске айналдыру жоспарда бар екенін айтты. Өйткені, спортқа қызығушылар қатары күн санап көбейіп келеді. Мұны жаппай жүгіруге 500-ден аса азаматтың қатысқанынан-ақ аңғаруға болады. 

Автор Мөлдір Ибадуллаева

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары