USD: 469.5 / 472.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Шымкентте 11-12 қазанда халал өнімдердің халықаралық көрмесі өтеді

Көрмеге QMDB Halal сертификатын алған өнімдер қойылады.

Шымкентте "Көрме" орталығында 11-12 қазанда "Халал Даму" стандарттау және сертификаттау орталығы және Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен халықаралық Halal EXPO 2021 көрмесі өтеді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады. 

  • Өтетін орны: Шымкент қалалық "Көрме" орталығы, Назарбаев даңғылы, 12, Нұрсәт 2 шағын ауданы.
  • Басталуы: 11 қазан, сағат: 10.00.

Көрмеге әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, халал индустриясындағы белді кәсіпорындар мен халықаралық сертификаттау органдары, дін қайраткерлері, мемлекеттік мекеме басшылары, зиялы қауым, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Halal EXPO 2021 көрмесіне қатысу – сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашып, тұтынушыларға халал өнімді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар көрме аясында зиялы қауым өкілдері мен дін ғалымдары, халықаралық сарапшылар баяндама жасайды.

Көрме аясында үздік кәсіпорындар марапатталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз