Тікелей эфир

Шымбұлаққа апаратын жол қардан тазартылып жатыр

Жол қозғалысын шектеу үшін жол полициясы бекеті қойылды.

Төтенше жағдай бойынша жедел кезекшінің деректері бойынша Жетісу және Түрксіб аудандарында жеке тұрғын үй секторының аула аумақтарын 2 су басу тіркелді. Су сорылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында түнгі ауысымға 34 кезекші бригада, 114 бірлік техника, 23 мотопомпа, 115 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап жолдарға 38 кезекші бригада, 166 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа және 468 жол жұмысшысы шықты", – деп эазылған хабарламада.

Шымбұлаққа қардың түсуіне байланысты көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, бұрынғы экопосттан Шымбұлаққа дейінгі учаскеде жол қардан тазаланып жатыр. Жол қозғалысын шектеу үшін жол полициясы бекеті қойылды.


Оқи отырыңыз: Шымбұлақ шаңғы курортында қар жауды.


"Селқорғау" ММ деректері бойынша Алматы өзендеріндегі су деңгейі қалыпты жағдайда. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Серіктестер жаңалықтары