Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен ауыл әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті хабарлады.
1 қазанда облыс орталығында Малеев ауылдық округі әкімшілігінің басшысы Владимир Молотков мас күйінде қызметтік көлігінің тізгініне отырып, аулада тұрған басқа көлікпен соқтығысқан. Медициналық сараптама қазір бұрынғы әкімнің жеңіл түрде мас болғанын анықтады.
Бұрынғы шенеунік қызметінен босатумен қатар, әкімшілік жазаға да тартылды. Ол қамауға алудың 20 күнін өтеуі керек және жеті жылдан кейін ғана көлікті қайта жүргізе алады.
Оқи отырыңыз: 10 жол-көлік оқиғасының 9-ында жүргізушілер кінәлі. Зиян шеккендер саны 11% өсті