Тікелей эфир

Шетелден әкелінген көліктерін заңдастырып үлгермеген азаматтарға айыппұл салынады

Мемлекеттік нөмір алып үлгермеген жүргізушілерге 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

Ішкі Істер министрлігінің мәліметінше, жауапты ведомствоның өкілдері Грузия, Қырғызстан, Ресей нөмірін таққан көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылмайды, өйткені бұл бір реттік науқан, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Осы шара басталғалы Қазақстанда 304 мың шетелдік көлік заңдастырылған. Оның 21 мыңы қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген темір тұлпар. Тағы 55 мың көлік уақытша есепке қойылған. Сондай-ақ, оң рөлді көліктерді шетелден әкелуге 6 айға тыйым салынды. Бұл көліктің түрін бөлшектеп кіргізуге де болмайды.


Оқи отырыңыз: Шетелдік көліктерді заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады?


"Заңдастыру өтпеген шетелдік автокөліктерге қатысты: олар техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда көзделген барлық төлемдерді төлеумен тіркеуге жатады. Бұл ретте автокөлік иелеріне белгіленген тәртіпте тіркелмеген автокөліктерді пайдалану үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз", – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев.

Серіктестер жаңалықтары