Ақтауда “Шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін» деп тұрғындарды алдап, 7,7 млн теңгесін жымқырған күдікті құрықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Олардың айтуынша, азамат олардың шетелдік автокөліктерін заңдастырып беруге уәде беріп, ақшаларын алып, берген уәдесінде тұрмаған. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын – 7,7 млн теңге.
Полиция қызметкерлері 27 жастағы тұлғаны анықтап, ұстады. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: "225 миллион теңге иемденді". "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.