Шетелдегі қандастар Қазақстан ЖОО-ларына ҰБТ тапсырмай түсе алады. Бұл үшін "Отанға барар жол" байқауына қатысу керек

Байқау жеңімпаздары 26 шілде күні жарияланады.

Дәл қазір шетелде тұрып жатқан 5 миллионнан астам қандастың ҰБТ тапсырмаса да, Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі бар. Осы орайда "Халықаралық білім беру" корпорациясы 20 ішкі грант бөлді. Бұл туралы корпорацияның бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев мәлімдеді. 

"Қазақстан университеттерінде білім алғысы келіп отырғандар көп. Бұған әлеуметтік желі арқылы жекемізге және call-орталықтарымызға келген өтініштер дәлел. Жыл сайын БҒМ еліміздегі ЖОО-ларда білім алу үшін гранттар бөлетінін білеміз. Сондай-ақ, Қазақстан азаматы емес талапкерлердің де елімізде оқуы үшін жағдай жасалып отыр. Мысалы, мемлекеттік грантты жеңіп алу байқауына қатысу үшін ҰБТ тапсыру қажет. Ал тестте тек бізде оқытылатын "Қазақстан тарихы" сынды пәндер мен Қазақстан географиясына қатысты сұрақтар бар. Осы орайда Білім және ғылым министрлігі шетелдегі қандастарға арнап 4%-дық квота бөлді. Ол "Қазақстан азаматтары емес азаматтар үшін" деп аталады. Бұдан өзге біздің абитуриенттер, шетелдегі қазақтардың аталған байқауға қатысу үшін тиісті балл жинай алмай қаламын ба деп қорқып отырғаны жасырын емес", – деді "Халықаралық білім беру" корпорациясының бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев.

Мұнымен қатар, проректор осы орайда корпорацияның бақылаушы кеңесінің төрағасы Айғазы Құсайынов бастамасымен 20 ішкі грант бөлінгеніне тоқталды. Яғни "Халықаралық білім беру корпарациясы "Отанға барар жол" байқауы жеңімпаздарының оқу шығынын өзі көтереді. 

Байқау үш кезеңнен тұрады:

  • Тіркелу. Қатысушыларды сайтқа онлайн тіркеу. Үміткерлер тіркелген соң, бірден тапсырмаларды орындай береді. 
  • 1-кезең. Бұл кезеңде байқауға қатысушы "Қазақ елінің тарихи тұлғалары" тақырыбында эссе жазады. Қатысушылар бұл эсседе қазақ халқынан шыққан, қазақ тарихына өшпес із қалдырған атақты тұлғалар жайлы жазады.
  • 2-кезең. Бұл кезеңде байқауға қатысушы "Мен неге "Халықаралық білім беру корпорациясына" түскім келеді?" тақырыбында эссе жазып, өз мақсатын ашып көрсетеді. Бұл эсседе қатысушы "Қазақстанға көшу және Халықаралық білім беру корпорациясында оқу – тұлға болып даму мен елімізді дамыту бағытында қандай көмек бере алады?" деген тақырыпты толық ашуы қажет. 

Эсселер 28 маусым мен 18 шілде аралығында қабылданады. Ақтық сайыс 19-25 шілде аралығында сұхбаттасу түрінде өтеді. 

26 шілде күні жеңімпаздар тізімі жарияланады. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары