Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев шетелде жүрген жастарды қолдайтын халықаралық келісімшарт жасауды ұсынды. Бұл туралы ол үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты.
Оның айтуынша, үкімет оларды тұрақты жұмыспен қамту мәселесін шешкенде жастар Кореяға, Еуропаға қара жұмысқа кетпес еді.
"Демографияға және елдегі әлеуметтік ахуалға қатысты қазақ жастары қазір шекара асып қара жұмыс істеуге мәжбүр. Мысалы, 2022 жылы Оңтүстік Кореяда 9600 Қазақстан азаматы заңсыз тұрған. Әлемге шақсақ бұл сан бірнеше еселенеді. Сондықтан шетелде жүрген жастарды қолдайтын, қорғайтын халықаралық келісім-шарттар жасау керек", – деді депутат.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірінде жұмыссыздар көп?