Шерзат Полаттың үйін өртеу ісі: Оқиға кезіндегі спутник суреттері қаралады

Шерзан Болаттың үйі | Фото: Нұрбол Ынтымақұлы, Tengrinews.kz
Шерзан Болаттың үйі | Фото: Нұрбол Ынтымақұлы, Tengrinews.kz
Прокурорлар суреттерден өрт шыққан күні үйдің жанында қандай көліктер болғанын анықтауды жоспарлап отыр.

Құқық қорғау органдары марқұм Шерзат Полаттың отбасының үйін өртеу ісіне қатысты спутник суреттерін зерделеу үшін Ресей билігіне хабарласты, деп мәлімдеді Сенат отырысында бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев. Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу әлі жүрып жатыр.

"Көптеген сараптама жүргізілді деп айта аламын. Бұл сараптамалардың белгілі бір нәтижесі бар. Қазіргі уақытта біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу комиссиясын жібердік. Істі толық тексеру үшін сол уақытта жақын жерде қандай көліктер тұрғанын спутник арқылы қарағымыз келеді", – деді Ғалымжан Койгелдиев.

Өткен жылдың 12 қазанына қараған түні Азат ауылында марқұм оқушының отбасы тұрған үй өртеніп кетті. Өрт орнынан канистр мен резеңке қолғап табылды.

16 жастағы Шерзат Полат 4 қазан күні төбелес кезінде алған пышақ жарақатының салдарынан қайтыс болды. 11 адам ұсталды. Кісі өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдау бүгін, 10 сәуірде Талдықорған қаласында өтеді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз