Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталуға жақын екенін хабарлайды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі.
"Сонымен қатар, Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу және Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенім білдіруді сұраймыз", – делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз: Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынды