Шерзат Полат ісі: судья сотталушылардың бейнесін түсірген операторларды жауапқа тартты

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Судья қызметтік тексерістің нәтижесін жариялады.

Талдықорғандағы Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полаттың ісінде сотталушылардың бейнесін түсірген операторларды жауапқа тартты.

21 сәуірде болған онлайн сот отырысында күдіктілерге қатысты бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кеткен. Осыған байланысты сотта қызметтік тексеріс болды. Судья тексеру нәтижесі туралы айтты.

"Қызметтік тексеріс барысында сот процесінен таратылған техникалық трансляцияны уақытылы тоқтатпағаны, салдарынан күдіктілердің бейнежазбасы эфирге шығып кеткені анықталды. Техникалық қызметкерлер Рүстем Муксинов, Назира Оразалиева және Сәуле Қайдағұлова тәртіптік жазаға тартылды", – деді судья.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнежазбаға жеке қаулы шығару үшін судья кеңесу бөлмесіне кетті. Судья қаулы шығарып, облыстық прокуратураның назары аударылсын деді.

"Сотталушылар қаулының көшірмесін алған күннен бастап 15 тәулік ішінде, ал сот мәжілісіне қатысқандар қаулы жария етілген күннен бастап белгіленген мерзім ішінде Алматы облысы қылмыстық істер жөнінегі мамандандырылған ауданаралық соты арқылы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасына шағым түсіруге немесе прокурорға өтініш беруге құқылы", – деді судья.

 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз