Шерзат Полат ісі: 17 сәуірдегі сот отырысынан тікелей эфир. Екінші бөлім

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
Іс бойынша 9 адамға айып тағылды.

Бүгін Талдықорған қаласында Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесінің екінші бөлімі басталды.

Таңертегі отырыста сот Ержан Жанұзақов тараптардың сот процесін Талдықорғаннан Алматыға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Процесті сот Ержан Жанұзақов қарайды. Прокурорлар – Ержан Құрақбаев пен Дана Сәрсенбай.

Іс бойынша тоғыз адам айыпты болып танылған. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Оларға "адам өлтіру", "адам өлтіруге оқталу", "ұрлық", "бұзақылық" және "қылмыс туралы хабарламау" фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылдың 4 қазанында төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан көз жұмды. Осы оқиға бойынша 11 адам ұсталды. Шамамен бір аптадан кейін Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үйі өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл өрттің қасақана қойылғанын хабарлады.

21 қаңтарда тергеу аяқталды. Оның аясында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды. Қылмыстық істің көлемі – 62 том.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары