Талғарда Шерзат Болаттың өліміне қатысты қамауға алынғандар саны 10-ға жетті. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов хабарлады.
"Оқиға орнында жеті адам дереу қамауға алынды. 13 қазан күні тағы үш адамды ұстадық. Оның бірі – Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі. Төбелестен соң жақын маңда тұратын тағы екі адам қамалды. Атап отырғандарым, осы үш адам. Оларға қатысты тергеу жүріп жатыр, олар бұл іс бойынша күдіктілер", – деді Бауыржан Әленов.
Оқи отырыңыз: "Канистр мен резеңке қолғап табылды". Талғардағы қаралы үй оқыстан өртенбеген
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласында болған қайғылы оқиға – кәмелет жасына толмаған Шерзат Болаттың өлімі қоғамдық резонанс тудырды. Осыған байланысты жеті адам қамауға алынды. Бұл істі бас прокурор мен ішкі істер министрі өз бақылауына алды.
Кейін, 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Үй сыртынан канистр мен резеңке қолғап табылған.
Қалада қоғамдық тәртіпті Ұлттық ұлан әскері қадағалауда.