19 қазанда Сенат "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдаған болатын.
Ашық НҚА порталында ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғаринді Қазақстан Республикасынан Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының басқарушылар кеңесінің өкілі етіп тағайындау жөнінде президент жарлығының жобасы жарияланды.
Еске салайық, қазан айында өткен Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Келісім 2022 жылдың 20 қазанында Ереванда бекітілген болатын.
Сондай-ақ, Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлiгi Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясымен өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша байланыс жасайтын ресми орган ретiнде белгiленсе, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев ЕҚСК Директорлар кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалады.
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы келесі функцияларды орындайды:
- қайта сақтандыруды және экспорттық кредиттерді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің экспорттық кредиттік агенттіктерімен, сақтандырушыларымен және қайта сақтандырушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
- қатысушы мемлекеттерде тәуекелдерді қайта сақтандыру кезінде тәуекелдерге бағалау жүргізуге, тәуекелдерді барынша азайтуға және шығындарды реттеуге жәрдемдесу;
- қайта сақтандыру саласында маркетингтік зерттеулерді, консультациялық, зерттеушілік және ағартушылық қызмет.
Оқи отырыңыз: 2024 жылдан бастап Қазақстанда автокөліктерді сақтандыру құны өзгереді
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Бостандық ауданында өрт орнынан 4 адамнан тұратын отбасы құтқарылып, 70 адам эвакуацияланды
-
280
-
0
-
0
-
-
2Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
-
295
-
0
-
0
-
-
3Қайырлы таң!
-
223
-
0
-
10
-
-
4Автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту
-
202
-
0
-
2
-
-
52024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
182
-
0
-
2
-
-
6💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
162
-
0
-
1
-
-
7Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
127
-
0
-
0
-
-
8🏦 Санья қаласында (ҚХР) өтіп жатқан ЕАТ 39-пленарлық отырысы аясында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының басшылығы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің Оқу орталығы арасындағы екіжақты кездесу өтті.
-
120
-
0
-
0
-
-
9🚇 Алматы метросына қосымша пойыз қосылады
-
84
-
0
-
0
-