Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция бойынша референдумға қатысты

Мәулен Әшімбаев. Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Мәулен Әшімбаев. Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Референдум азаматтарға мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді, дед Сенат төрағасы.

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанадағы сайлау учаскесіне барып, жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс берді.

Сенат спикері референдумның тарихи маңызын атап өтіп, әрбір дауыс елдің болашақ даму бағытын айқындауда ерекше рөл атқаратынын айтты. Сондай-ақ ол референдум азаматтарға мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін қосты.

Мәулен Әшімбаев азаматтарды референдумға белсенді қатысуға және ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуға шақырды.

Референдумда қазақстандықтарға бір ғана сұраққа жауап беру ұсынылады:
"2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?"

Жауаптың екі нұсқасы бар: "Иә, келісемін"; "Жоқ, келіспеймін".

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз