Новости спорта

Сенат депутаты: Референдум – саяси жүйені реформалаудың нышаны

Бүгін Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум басталды.

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы "Хабар 24" арнасында Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумға қатысты пікірін білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстан көп жылдар бойы экономиканы дамытуды алға қойып, саяси реформалар екінші орында қалып келген.

"Бізде көп жылдар бойы экономикалық дамытуды бірінші орынға қойдық та, саясатты екінші орынға қойдық қой. Сондықтан да осы реформаны қабылдасақ және референдум аман-есен өтсе, бұл – саяси жүйені реформалаудың нышаны ", – деді Мұрат Бақтиярұлы.


Оқи отырыңыз: 


Референдумға 11 миллионнан астам қазақстандық қатыса алады.

Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Солардың біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.
Референдумға қатысушыларға бір ғана сұрақ қойылады. Ол – "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулармен келісесіз бе?".

Өзгерістер топтамасын қолдап, не қарсы болып жауап беруге болады. Егер қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткізілді деп танылады. Ал өзгертулерді қабылдау үшін референдум қатысушыларының 50 пайыздан астамы қолдап дауыс беруі керек.

Informburo.kz арнайы хабарларын YouTube желісінде көріңіз.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары