SEN мюзиклі: Өмірлік серігіңізді Instagram, Tinder желісінен табу мүмкін бе?

Қойылым Алматы қаласындағы "Өркен" театрында көрсетіледі.

ArtKӧshe тәуелсіз театры көрермен қауымға "Сен" мюзиклін ұсынады.

Сенім туралы оқиға арқау болған қойылымда басты рөлдерді Ербол Нариманұлы, Жарқынай Ханайым, Жасұлан Көпберген, Шадияр Ғалымжан, Таңшолпан Нұртілеуқызы, Темір-Сұлтан Мейірбек, Әшім Ахметов, Нұрбек Елемесов – Dudeontheguitar, Бексұлтан Бағытжан – Jeltoksan сомдайды. Қойылым қазақ тілінде.

"Бұл сенім туралы оқиға. Бәріне сене беру де, ешнәрсеге сенбей үнемі күмәндану да түрлі қиындыққа әкеледі. Сенімнің үйлесімді өлшемі бар ма? Оны сізге SEN мюзиклі түсіндіре алады. 

  • Қаржы пирамидасынан алданып қалған 45 жастағы алматылық өзіне қол жұмсамақ болды...
  • Қазақстанда 2021 жылы интернет алаяқтық бойынша 40 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды...
  • Танымал инстаграм вайнер қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды...
  • Алло! Сәлеметсіз бе! Мен банк қызметкері едім, сіздің шотыңызда күмәнді операциялар болып жатыр, маған банк картаңыздың деректерін айтыңыз...

Мұның бәрі сізге таныс жағдайлар ма? Дәл осындай оқиға SEN мюзиклінде де кездеседі. 


Оқи отырыңыз: Жаз бойы балаларға тегін кинофильмдер көрсетіледі 


Интернет біздің күнделікті өмірімізге еніп кеткені сонша қағаз ақшаны қашан ұстағанымыз есімізде жоқ. Сауда-саттық, басқосу, танысу, ресми кездесу, лекциялар барлығы онлайнға өтті. Ал махаббат ше? Өмірлік серігіңізді инстаграм, тиндерден табу мүмкін бе? Біздің бас кейіпкерлер Айман мен Ғалымжан тиндерде танысқан еді. SEN мюзиклі happy end-пен аяқтала ма?" – дейді қойылым қоюшылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ArtKӧshe (@artkoshe)

Авторы және продюсері – Әннәс Бағдат. Композиторы – Ербол Нариманұлы, ал режиссері – Есләм Нұртазин.

Премьерасы – 4-5 маусым күндері сағат 17:00 және 20:00-де. Өтетін орны Алматы қаласындағы "Өркен" театры.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары