Семіздік пен қант диабеті: отандық ғалымдар диеталық таңғы асты нарыққа шығарады

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҒЗИ әзірлеген жаңа өнім көмірсу алмасуын реттеуге көмектеседі.

Қазақ ғалымдары денсаулыққа пайдалы жаңа құрғақ таңғы ас әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, бұл өнім семіздік, 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі.

"Қазақ тағам және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары диеталық құрғақ таңғы ас өндірісінің инновациялық технологиясын әзірлеу жұмыстарын аяқтап қалды. Қазіргі тамақ мәзірі рафинадталған көмірсуларға бай, ал тағам талшықтары, витаминдер мен минералдық заттар тапшы деуге болады. Бұл проблема әсіресе құрғақ таңғы аста айқын көрінеді, өйткені нарықтың негізгі бөлігі қант мөлшері жоғары және биологиялық құндылығы төмен импорттық өнімдерге тиесілі", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, жаңа ас отандық дәнді дақылдардан жасалады және өңдеу кезінде пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды.

"Оның құрамында тағам талшықтары, В тобы витаминдері және минералдар көбірек, ал энергетикалық тығыздығы төмен болады. Қазіргі нарықтағы баламалардан айырмашылығы – жаңа құрғақ таңғы ас диеталық және профилактикалық тамақтану бөлігі ретінде ұсынылады, көмірсу алмасуын қалыпқа келтіруге, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға және дене салмағын бақылауға септігін тигізеді", – деп мәлімдеді АШМ.

Өнімнің дайындалу тәсілі мен өндіріс технологиясын әзірленді. Келер жылы оны нарыққа шығару жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз